Home Жаңалықтар БҚО-да автожолда бірден жеті жүк көлігі соқтығысты — Тосын жай

БҚО-да автожолда бірден жеті жүк көлігі соқтығысты — Тосын жай

290

Қазақстанның батысында Самара — Шымкент автожолында бірден жеті жүк көлігі соқтығысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 29 қаңтарда сағат 11.40-та автожолдың 344-шақырымында болған.

«Тасжолда жеті жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасына алдағы көлік құралының тоқтап қалуы себеп болған. Қазіргі уақытта көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен «Қазавтожол» ЖШС өкілдері жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Басылымның мәліметінше, жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаСерік Сәпиев депутаттық қызметтен бас тартты — Ел жаңалықтары
Келесі жазба«Жасыл» партия жасампаздыққа шақырады (ВИДЕО)