Кеше “Байтақ -Болашақ” экоалъянсы Нұр-Сұлтан шаһарында кезекті ағаш отырғызу акциясын өткізді. Бұл игі шара экологтар күніне және Ораза айт мейрамына орайластыра ұйымдастырылды.
Айтулы іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласының Алматы ауданы әкімдігінің өкілдері ,студенттер, балаларүйінің тәрбиеленушілері, қала тұрғындары мен еріктілер қатысты.
Экологоиялық альянс осылайша қаланы көгалдандыруды бірте-бірте жүзеге асыруда. Бұл игі тірліктің астарында тұрғындарды өз қаласын сүйуге, таза ұстауға деген үлгі жатыр.
Осы акцияны ұйымдастырған «Байтақ-Болашақ» экобірлестігінің төрағасы Азаматхан Әміртай: Біздің негізгі ұранымыз «жасыл дала, жасыл қала, таза ауа» деп аталады. Осындай игі шараларды ұйымдастыра отырып, қоршаған ортаны қорғау, табиғатымызды сауықтыру»- дейді.