Автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру қызметі техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.
«Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚКО мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімшелерінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер уақытша тоқтатылды», – деді комитеттегілер.
Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.
[ad_2]
Дереккөз: kaz.tengrinews.kz