Сирияда бір әулет 53 жыл басқарған билік құлады. Нақтылайтын болсақ, Хавез әл Ассад 29 жыл, Башар Асад 24 жыл. Әкелі балалы екеу Сирияны жарты ғасырдың үстінде биледі. Сол жарты ғасырлық билік 10 күн ішінде тырапай асты. Неге? Демек, халық та, әскер де олардың жекедара билеп төстеуінен шаршады. Әйтпегенде көтерілісшілердің әуселесін басуға олардың қауқары жетер еді.
Алайда, 2010 жылдан бері елде жүріп жатқан азаматтық соғыс, түрлі топтардың қақтығысы, экономиканың күйреуі, халықтың кедейшілікке ұрынуы, өз жерінен тұрақ таппай сыртқа босуы, осының бәрі Асад билігінің мемлекетті дұрыс басқару алмауында жатыр. Тек Ресеймен Иранның қолдауына ие болып, Батыстың қырына іліккен ел осылайша қысқа уақытта күйреп түсті. Асадтар әулеті Сирияда болған мемлекеттік төңкерістердің арқасында (Сирияда 4-5 мемлекеттік төңкеріс болған) өткен ғасырдың 70 жылдарының басында билікке келген еді. Енді өздері дәл сондай төңкерістің залалына ұшырап, биліктен кетті. Дұрысы елден қашты. Дегенмен кейбір ақпараттарға қарағанда Башар Асад мінген ұшақ атып түсірілген. Ол сол ұшақ аптатынан қаза табуы мүмкін деседі. Бірақ нақты емес. Әлбетте, биліктен тайған қашқын Башар Асад енді оны қолдаушы Ресейге де, Иранға да керек емес. Өйткені бұл елдердің өзі Батыстың қырына ілініп, санкцияда отырған һәм соғыс жағдайындағы мемлекеттер. Оларға Башар Асадты паналатып, сыртқы күштердің қаһарына ұшырау тиімсіз. Демек, ол мінген ұшақтың атып түсірілуі тіпті олар үшін олжа. Бірақ кім атып түсірді? Белгісіз. Айта кететін бір жайт, ұзаққа созылған билікпен түрлі топтар арасындағы толассыз соғыс 2017 жылы тоқтаған. Онда да Ресейдің және Иранның Башар Асад билігіне жасаған көмегінің арқасында. Бейбіт келісім барысында қарулы топтар Идлиб өңірінде тұруға рұқсат етілді. Сол жылы отызға тарта түрлі топтар «Хайят Тахрир аш-Шам» (бұрынғы Джебхат ан-Нусра) тобының құрамына еніп, жұмылған жұдырықтай болды. Әлбетте, Түркияның қолдауына ие болған бұл ұйым бұрынғы жабайылықты тастап, тұрақты әскерге айналып үлгерді. Тіпті соғыстың алғашқы күні елдегі Дамашықтан кейәнгі ірі шаһар Алепоны басып алу кезінде билік әскеріне қарсы ұшақсыз ұшатын дрондар арқылы соққы беруінің өзі көп нәрсені аңғартса керек. Башар әскері де, билігі де бұған даяр емес еді. «Бұл төңкерісте екі жеп биге шыққан бірақ мемлекет бар» деседі кейбір сарапшылар. «Ол Түркия. Ресми Дамашық пен Анкара арасы дүрдараз. Кезінде жақсы дос болған Башар Асад пен Режеп Тайып Ердоғанның арасында баяғыда қара мысық жүгіріп өткен. Бірін бірі атар оғы жоқ жауға айналған. Тіпті Түркия «күрд мәселесін» желеу етіп, Сирия жеріне бірнеше әр түрлі атаулы әскери операциялар жасап, буферлік аймақ деп өз әскери бөлімшелерін кіргізіпте қойған. «Хайят Тахрир аш-Шам» ұйымыда Түркияның қолдауына ие. Енді Башар Асад билігін ретін тауып құлату ғана қалған-ды. Башар Асадты қолдайтын Ресей Украинамен соғысып әлек. Бар күш -қуатын сол соғысқа салып жатыр. Батыстың санкциясы тағы бар. Әбден титықтаған Ресей бұл жолы ресми Дамышыққа қолдау бере алмады. Иран ол Израильмен зымырандар арқылы қақтығысып, өзімен өзі болып жатыр. Башар билігін қолдайтын «Хезболла» тобы Израильмен соғысып әлсіреді. Басшылығы түгелдей қаза тапты. Демек, басында Башар Асад отырған Сирия билігі дәл қазір қолдаусыз қалған. Осы бір ең қолайлы сәтті күткен «Хайят Тахрир аш-Шам» әскери тобы билікті құлату үшін ұрысты бастап кетті және жеңіске жетті. Жалпы түріктер Кавказда да Әзірбайжанды қолдап жеңіске жеткен. Сүйтіп ол аймақтағы Ресей ықпалын әлсіреткен. Енді міне, Сирия жерінен де Ресейді қуып шығып жатыр. Сирия жеріндегі әскери базаларыда көп ұзамай жабылады. Ердоған осылайша ерлеп жатыр »- деседі сарапшылар. Сонымен Сирия билігі құлады. Алдағы уақтта бұл елді не күтіп тұр. Әзірге белгісіз.