Жапония үкіметі отставкаға кетті. Ел парламенті жаңа премьер-министрдің кандидатурасы бойынша дауыс беруге дайындалып жатыр.
Үкімет басшысы парламентке партиялар ұсынған кандидаттардың көпшілік дауысымен сайланады. Әдетте бұл партия жетекшілері. Осылайша парламенттегі көпшілік орынға ие болған партия басшысы премьер-министр болады.
БАҚ мәліметінше, либерал-демократиялық партия мен «Комейто» партиясының құрамындағы басқарушы коалиция Парламенттің екі палатасында да көпшілік орынға ие болғандықтан, өткен аптада ЛДП басшысының сайлауында жеңіске жеткен Жапонияның 102-ші премьер-министрі Сигэру Исиба болады. Ол сейсенбіде жаңа үкімет құрады деп күтіледі, оны сол күні кешке Жапония Императоры Нарухито бекітеді.
Сондай-ақ, 9 қазанда парламенттің төменгі палатасы таратылады, ал кезектен тыс жалпы сайлау 27 қазанға белгіленеді деп күтіледі.