Home Жаңалықтар Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ: Бізді әдеби-мәдени байланыс жақындата түседі

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ: Бізді әдеби-мәдени байланыс жақындата түседі

50

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары-ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев Қырғызстан Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Қырғыз елінің астанасы Бішкек қаласындағы «Эне-Сай» мемлекеттік резиденциясында Қырғыз Республикасының Президенті С.Ш.Жээнбековтің қатысуымен жүзеге асқан шараға жоғары лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органбасшылары, республиканың түкпір-түкпіріненжәне шет мемлекеттен делегаттар шақырылған.
Салтанатты іс-шараны Қырғыз Республикасының Президенті С.Ш.Жээнбеков сөз сөйлеп ашты. Ел президентінің сөзінен кейін көршілес Ресей, Қазақстан, Өзбекстан мемлекеттерінің өкілдері сөз алды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев өз сөзінде көп ұлтты Қырғызстанның ішкі және сыртқы саясатын азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға бағыттап отырғанына тоқталды. Сондай-ақ Қырғызстан халқы Ассамблеясының этносаралық өзара іс-қимыл жасаудың тиімді институтына және бірліктің мызғымас тұғырына айналғанын атап көрсетті.  
Ж.Қ.Түймебаев екі ел тарихы мен әдебиетіненқазақ-қырғыз арасын жақындататын мысалдар келтіре отырып, түп-тамыры терең мәдени байланыстарымыз біздерді біріктіре түсетініне тоқталды.
Көне түркі дәуірінен бастау алатын қырғыз әдебиеті қай кезде де қазақ әдебиетімен тығыз байланыста дамыды. Әдебиеттің кейбір үлгілерінің екі елде бір мезгілде дамуының мысалдары өте көп. Біздің Асан Қайғы, Кет Бұға, Алдар көсе, Толыбай сыншы сияқты тұлғаларымыз да ортақ.
Халық ақыны Аалы Тоқомбаев  өзінің әдеби еңбегінің алғашқы күндерінен бастап Абайды ұстаз тұтып, ұлы ақынның өлеңдерін түгелге жуық қырғыз тіліне аударды» деп атап өтті Жансейіт Қансейітұлы.

Қырғыз ауыз әдебиетінің жарқын үлгісі «Манас» жырының хатқа түсіп, сақталуына қосқан Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовтің еңбектерін дееске салды. Заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың қазақ ақын-жазушылары Қалтай Мұхамеджанов, Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов, Зейнолла Қабдолов, Шерхан Мұртазамен достық қарым-қатынастарын кейінгі буынға үлгі етті.
Сонымен қатар, екі мемлекеттің ассамблеялары арасындағы достық, серіктестік қатынастардың қалыптасқаны, Қазақстанда тұратын қырғыз этносына көрсетіліп отырған қолдау туралы кеңінен әңгімеледі.  Мысалы, Қазақстанда 9 этномәдени бірлестік тіркелгені, жексенбілік екімектеп жұмыс істейтіні, оларға қажетті оқуқұралдарының мемлекеттік бюджет есебіненшығарылатыны, Қазақстанда еңбек етіп жатқанқырғыздан шыққан белгілі азаматтар туралыақпаратты зал қошеметпен қабылдады.

Салтанатты жиын соңында Қырғызстан халқыАссамблеясы Кеңесінің төрағасы Т.Мамытовқорытынды сөз сөйледі.

Алдыңғы жазбаСАЯСИ РЕФОРМА ЖАСАУДЫҢ КЕЗІ ЖЕТТІ
Келесі жазбаЕнесіне жыр жолдарын арнаған Төреғалидің жұбайына ел сүйсінді (видео)