Home Жаңалықтар Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Жәнібек Әлімханұлы канадалық қарсыласын нокаутқа түсірді

49

Кәсіпқой бокста орта салмақта өнер көрсетіп жүрген Жәнібек Әлімханұлы канадалық Стюарт МакЛелланды АҚШ-та жеңді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Олардың кездесуі Лос-Анджелестегі Banc of California стадионындағы бокс кешінде өтті. Бұл кештің басты кездесуінде мексикалық Эмануэль Наваррете мен америкалық Франсиско Де Вака екінші аса жеңіл салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салады.  Әлімханұлы – МакЛеллан кездесуі 10 раундқа есептелген. Екінші айналымда қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Бесінші раундта канадалық тағы бір рет есінен танды, алайда орнынан тұрып кездесуді  жалғастырды. Әлімханұлы ауыр соққыларын дарытып, мерзімінен бұрын аяқтауға тырысты, рефериде кездесуді тоқтатты.  Осы жеңістің арқасында Әлімханұлы бірінші рет екінші деңгейлі WBO Global және өңірлік WBC Continental Americas белбеулерін сәтті қорғады. Ол сәуірде мексикалық Кристиан Оливасты жеңіп, чемпиондық титулдарын тартып алған еді.

Kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАлматы облысында жер сілкінді
Келесі жазбаТоқаев тәрбиешілердің де жалақысын өсіруді қарастыратынын айтты