Home Жаңалықтар Жаңаөзенде көпқабатты үйлердің бірінде еден опырылып кетті – Тосын жай

Жаңаөзенде көпқабатты үйлердің бірінде еден опырылып кетті – Тосын жай

36

Жаңаөзенде түннің ішінде көпқабатты үйдегі пәтердің бірінің едені опырылып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, бірінші қабаттағы пәтердің плитасы жертөлеге жетіп жарылған. Зардап шеккендер жоқ. 

«Бала-шағамның бәрін жан-жаққа жібердім. Жеті отбасы болып тұрамыз. Кеше жалған ақпарат берді әкім үйге орналастырдым деп. Көмек жоқ ешқандай», – дейді Жаңаөзен қаласының тұрғыны Амангелді Бөлеков.

Телеарна сюжетінде ашынған адамдардың әкімдікке жиналғаны айтылады. Алайда әкімдік өкілдері сараптама өткеннен кейін қорытынды жасаймыз деп айтқан екен.

«Мен гарантия бере алмаймын. Біз Алла емеспіз. Бір Алланың қолында. Енді тыңдаңыз. Кеше тиісті комиссияны құрдық. Өзіңіз болдыңыз, куә болдыңыз. Тиісті шараларын қабылдадық. Қазір міне мекемесін белгіледік», – дейді қала әкімінің орынбасары Ғалым Байжанов.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАҚШ әскери кемесі Қара теңізге кірді
Келесі жазбаАлматыда 27 ықшамауданның атауы өзгертілді – Ел жаңалықтары