Home Басты жазба Шет елдік компаниялар кімнің шікәрәсі?

Шет елдік компаниялар кімнің шікәрәсі?

74

Бұл мәселені  көтеріп келе  жатқанымызға  біраз  болды. Жақында  Бурабайда өткен  IV Ұлттық құрылтайында  да  ел алдында көтердік. Бірқатар  құзырлы  мекемелерге  және Парламентке хат  жолдадық. Айтайын деп  отырғаным,  экологиялық  эммисия  мәселесі. Соның  тарифін  көтеру. 

Неге десеңіз,  миллиардтаған табыс  тауып отырған еліміздегі  ірі компания – кәсіпорындар  (әсіресе батыс аймақтағы  «Теңіз»,  Қашаған» сиқты  кен  орындары)  айналаға  түрлі  улы  қалдықтар шығарып,  табиғатты,  жерді тоздырып барады.  Қазір  ол аймақ  апапты жағдайда  тұр. Ал,  экологияның  нашарлауы  халықтың  денсаулығына  тікелей әсер ететіні  анық.  Демек, әлгі  миллиардтаған  доллар  пайда көріп компаниялар ,  өздері  өнім өндіріп отырған аймақтың экологиясын  реттеуге  міндетті  түрде  өтем  төлеуі  тиіс. Рас,  дым  бермей  отыр  деп айта алмаймыз. Мәселен,   2021  жылы  110 млрд.  2022  жылы 105 млрд.  ал,  2023 жылы 98 миллиард теңге  төлеген.  Бірақ  бұл  төлем жыл  сайын  төмендеп бара  жатқанын байқап  отырмыз.  Ал,  тапқан  пайда шаш  етектен. Бірақ экологияға  тиын –тебен  ғана  аударуда.   Бұл  дұрыс па? Әлбетте,  жоқ.  Егер әлем елдеріндегі  осы экологиялық эмиссия  салығына  көз  салар  болсақ,  тым  жоғары.  Олар сол  салықтан  түскен  қаржыны   сол  өңірдің  экологиясын  көтеруге,  қалпына келтіруге   жұмсап  отыр.  Бізде  соған келуге  тиіспіз.  Бір көңілді  қуантатын  жағдай  Парламент  осы экологиялық эммисия  салығын  көтеру  мәселесін  қазір  қарап  жатыр.  Бұл  өте оңды  қадам.  Алайда,   бұл  мәселемен келіскісі келмейтін  ірі компаниялар  қарсы уаж айтып,  арнаы  тапсырыс  беріп, өздерінің  наразылықтарын  әлеуметтік  желі  беттерінде  жариялай  бастады.  Ондағы  мақсаттары; пайданы көп тауып,  өңірдің  экологиясына  итке лақтырылған сүйектей  ғана бірдеңе  бере  салу.  Жоқ!  Біз   олардың   дегеніне көнбейміз.  Бізге  керегі  қоршаған  ортаның  амандығы,  халықтың  денінің  саулығы.  Демек, Парламент көтеріп,  қарап  жатқан экологиялық  эммисия  салығын  көтеру  туралы  заңды   баршамыз  қолдауымыз керек  деп ойлаймын.

Осы  тұста   тағы  бір айта  кететін  жайт,  экологиялық   эмиисия  салығын  аз төлегенімен  қоймай, мұнай, газ, пайдалы қазбалар өндірушілер  яғни  компаниялар  елімізде  Қосымша  құн  салығын  төлеуден  босатылған. Неге? Түсініксіз. Миллиардтаған  доллармен    пайда  тауып  отырған  кәсіпорындар  керісінше  салықты  мол  төлеуі тиіс емес пе? Бұл  ойланатын  мәселе.

Азаматхан  ӘМІРТАЙ

Алдыңғы жазба“Мына тілде сөйле“ деп мәжбүрлемеуге тиіс
Келесі жазбаҚҚС – 16 пайыз. Мәжіліс Салық кодексін қабылданды