Елімізде жастар жылы жарияланғалы бері білім ордасының қара шаңырағы атанған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де игі өзгерістер көптеп орын алуда. Осы жаңалықтар, әрине оқу орнында еңбек ететін оқытушылар мен студент жастардың белсенділігінің арқасында.
Әл-Фараби Университеті БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірлесіп, «Мейірімді қоғамның азаматтарын қалыптастыру. Қазіргі университеттердің миссиясы ». атты халықаралық жобаны жүзеге асыруда ат салысып жатыр. Жобаның негізгі идеясы – жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды ғана емес, сонымен қатар өз уақытының талабына сай және өз елінің шынайы азаматтарын тәрбиелеу. Жоба Қазақстан жастарының бойында жақсылық, әділдік, шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруға, жоғары моральдық прициптеріне және рухани бай маман дайындауға бағытталған.
Осы мақсатта университет өміріне көптеген жаңа асыл дәстүрлер енгізілді. Олардың бірі дарынды және жоғары әлеуетті студенттерге демеушілік стипендия тағайындау болды. Сол уақыттан бері оқу орнындағы маңызды басымдықтарының бірі үлгерімі жоғары, спортпен шұғылданатын және спорттық жарыстарда университет намысын қорғап жүрген, қоғамдық өмірге белсене араласатын студенттерге берілетін стипендиалық қолдауды арттыру болды. Әдетте, шәкіртақы декандар мен кафедра меңгерушілерінің қатысуымен Ғылыми кеңестің отырысында беріледі. Бұл мүлдем жаңа, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа дәстүр.
Шәкіртақылардың бір қатары университеттің ғылымына қомақты үлес қосқан бұрынғы профессорлардың атымен тағайындалады. Химия және химиялық технология факультетінде соңғы үш жылдың өзінде 150 дарынды студент осындай шәкіртақыға ие болды. Олар: химия ғылымдарының докторы Беремжанов Б.А., Соколский Д.В., Усанович М.И., Тойбаев И.К., Жұбанов Б.А., Жұбанов KA. тағы басқалар. Бұл стипендиялар химия мамандығының студенттеріне оқу ақысын төлеуге, зерттеу жүргізуге, өзара іс-қимыл жасауға, кітап сатып алуға көмектеседі. Бұндай шәкіртақылар университетте түрлі жылдарда жұмыс істеп, университеттің ғалымының өркендеуіне үлкен үлес қосып, еңбектерін сіңірген ғалымдардың аттары ұмытылмауына арналады.
Қазіргі уақытта стипендия беру дәстүрі біздің университетімізге терең тамыр алып келді. Іс жүзінде бұл тамаша дәстүрді 66 университет бөлімі қолдайды. . Кафедра меңгерушілері стипендияның көздерін табу жолдарын үнемі іздейді. Олар білімге инвестиция жасайтын алдыңғы қатарлы компанияларға, фирмаларға, ұйымдарға, салаларға және бизнеске қолданылады. Осындай күш-жігердің жақсы үлгісі көптеген шетелдік стипендияларды атқара алады, соның арқасында Шығыстану факультетінің студенттері Жапония мен Кореяның университеттерінде оқуларын жалғастыруға тамаша мүмкіндік алды. Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс бөлімінің меңгерушісі доцент Наталья Ем Жапонияның Студенттік қызметтер ұйымымен, «Heiwa Nakajima Foundation, Mitsubishi Corporation» компаниясымен ынтымақтастық туралы келісім шартқа отырғанның арқасында жыл сайын Жапон тілі мен мәдениетін оқып-үйреніп жүрген студенттер осы компаниялардың шәкіртақылырына ие болып отыр. Ынтымақтастық туралы келісім шарт Шығыстану факультетінің студенттері жапон тілін меңгеруге, зерттеу жүргізуге және Хокаидо, Цукуба, Токио, Васеда сияқты әлемге әйгілі университеттерде оқуларын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Айта кету керек, әрине, бұл стипендиялар студенттердің барлық қаржы мәселелерін шеше алмайды, бірақ бұл дәстүрдің зор мәні бар. Шәкіртақы тағайындалған студенттер жоғары оқу орнын бітіріп кеткеннен кейін оқып жатқан жас буынға көмектесу дәстүрін жалғастырады деген үміт бар. Бұл игі істер биылғы Жастар жылында атқарылып жатқан мақтанарлық жұмыстардың бір бөлігі.
А. Молдағалиева,
Ш.Ғұмарова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылары.