Home Басты жазба Зеленский: «Украинадан кейін Путин  Қазақстанға  басып кіреді!»

Зеленский: «Украинадан кейін Путин  Қазақстанға  басып кіреді!»

110

«Егер  Ресей  Украинаға  басып кірмесе,онда  Қазақстанға  кірер еді»,  «Украинаны  жеңген  соң,  Ресей  Қазақстанның  солтүстік  облыстарын  өзіне  қаратып  алады»  деген  үрейлі  әңгімелер  талай  айтылған.  Әліде  айтылуда.

Рас,  бұған дейінде  кейбір орыс  саясаткерлері,  Дума  депутаттары  «Қазақстанның Солтүстік  облыстары  ежелден  орыс   жері,  сондықтан  оны қайтарып  алуымыз керек»  деген сияқты  талай  сандырақ  сөздер, мәлімдемелер айтып келді. Тіпті  бұдан біраз  жыл  бұрын  Ресей  президенті  Путин  «қазақтарда  мемлекет  болмаған»  депте айды  аспанға  бірақ  шығарған  еді. Қазірде Ресей Қазақстанға  басып кіруі ықтимал  деген   пікірлер айтылып  қалып  жатыр. Осы  тақылтес  әңгіме  айтқанның  бірі Украина  президенті  Зеленский.

Ол, CBS News-ке берген сұхбатында: «Мамырдың соңында не маусымда Ресейдің үлкен шабуылы күтілуде» дей келіп екі ел арасында  жүріп  жатқан  соғыстың бүгінгі  жағдайына  тоқталыпты.

 Оның басқа мәлімдемелері:

«Қазір жағдай 2-3 ай бұрын болғаннан жақсы, ол кезде көптеген заттардың үлкен тапшылығы болған-ды.

Қазіргі кезде Украина Рф-ның жақын уақыттағы екінші шабуылына дайын емес.

Бізге қазір бәрінен бұрын Patriot және артиллерия қажет.

Украинаға бөлінген ақшаның 75% Америкада қалып қоюда.

Газадағы соғыс Украинадағы соғысқа  бөлінетін назарды азайтты.

Егер Украина жеңілетін болса, Путин мұнымен тоқтамайды. Бұдан кейін Қазақстанға, Балтық елдеріне , Польшамен Германияға шабуыл  жасайды»

Өз  елінің азаттығы үшін Ресеймен  соғысып жатқан  Украина  президенті  Зеленский  осылай  дейді.

Шындығы  сол, Путин бұрынғы  КСРО -ны қалпына келтіргісі  бар.  Өйткені  ол  кезінде «КСРО -ны таратып  жіберу  ғасыр  қателігі»  деп  бекер айтқан жоқ.   Яғни  империялық амбициясы  басым  Путин қалайда  сол кеткен  қателікті  жөндегісі  бар. Бірақ  ол  қолынан  келе  қоярма екен?

Алдыңғы жазбаБҚО әкімі су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды өзі қадағалап жүр
Келесі жазбаҚМА Боранбаевтың активтері туралы мәлімдеме жасады