Home Жаңалықтар Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды

52

Қазақстан Жазушылар одағы хатшылығы мәжілісінің шешімімен 2019 жылдың 5 сәуірі күні бір топ ақын, жазушыларға халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы (2017-2018) берілді. Бұл туралы «Қазақ әдебиеті» газетінің бүгінгі санында хабарланды.  ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Ағылшын ақыны «Құлагер» поэмасын қалай аударды Қызылордада көне әдеби мұралар көшірмесі қойылған көрме өтті «Алтын қалам» байқауына – 10 жыл: Жаңа кезеңге шығармалар қабылдана бастады Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы (2017-2018) төмендегі қаламгерлерге берілген: 2017 жылдың иегерлері Ғұсман Жандыбаевқа «Арман ауыл» өлеңдер жинағына; Нұрдәулет Ақышқа «Рақымсыз көктем» әңгімелер жинағына; Сайлаубай Жұбатырұлына «Абыржы»  3 томдық шығармалар жинағына; Қайсар Әлімге «Міржақыптың оралуы, Возвращение Миржакипа» хикаят сапарнамасына; Шәмшиябану Хамзаға II томдық шығармалар жинағына; Мира Шүйіншалиеваға «Ар азабы» пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы үшін; Дәулеткерей Кәпұлына «Терісбұрау» өлеңдер жинағына; Мырзан Кенжебайға «Өттің дүние» өлеңдер жинағына; Сайлаубай Тойлыбаевқа  «Сарноқай саздары» жинағына; 2018 жылдың иегерлері: Нармахан Бегалиевке «Жаз – жалбыз» өлеңдер жинағына; Байбота Қошым-Ноғайға «Жұмақ нұры» өлеңдер жинағы; Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағына; Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағына; Дәурен Қуатқа «Бөрісоқпақ» әңгімелер жинағына; Өмірзақ Қажымғалиевке «Жаңғырық» трилогиясы үшін; Мінуар Әкімхановқа «Көңілге тұнған көп сурет» өлеңдер жинағына; Патигүл Мақсатоваға Патям «Хар пәсилнин гузаллиги бар» өлеңдер жинағына; Әмина Құрманғлиқызына «Әулет пен нәубет»  шығармалар жинағына; Серікбай Оспановқа «Алқоңыр» өлеңдер жинағына берілді. Айта кетейік, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы 1992 жылдан бастап беріліп келеді.

Дерек көз. inform.kz

Алдыңғы жазбаБайқоңыр қаласын Ресейге жалға беру мерзімі аяқталуы мүмкін
Келесі жазбаДемалыс күндері ауа райы қандай болады?