Home Жаңалықтар Ыстанбұл әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Ыстанбұл әуежайында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

34

Ыстанбұл әуежайында ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Сабихи Гёкчен атындағы әуежайда Измир-Ыстанбұл бағытындағы лайнер ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенген. Өрт сөндірушілер ұшақтан шыққан өртті мерзімінде сөндіріп үлгерді. Түркияның көлік және инфрақұрылым министрінің айтуынша, оқиғадан көз жұмғандар жоқ, бірақ зардап шеккендер бар. Оқиға орнынан түсірілген суреттерге қарағанда, ұшақ үшке бөлініп кеткен.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/ystanbul-auezhayynda-zholaushylar-ushagy-apatka-ushyrady_a3611529

Алдыңғы жазбаЕлордада Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық айтыс өтеді
Келесі жазбаПрезидент Семей қаласының әкіміне Абайдың 175 жылдығына қатысты тапсырма берді