Home Жаңалықтар Қордай оқиғасы бойынша 90 қылмыстық іс қозғалды – ҚР ІІМ

Қордай оқиғасы бойынша 90 қылмыстық іс қозғалды – ҚР ІІМ

43

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Қордайдағы оқиғаларға байланысты 90 қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

«Қозғалған қылмыстық істер өте көп, күн сайын үсті-үстіне қосылып жатыр, өйткені тергеу кезінде жаңа жағдайлар анықталып жатыр … Шамамен әртүрлі эпизодтардағы 90-ға жуық қылмыстық іс болды», – деді Қожаев.

Оның айтуынша, бүгіндері жүздеген адамнан жауап алынды, осы іс-шараларға қатысушы әр адамның рөлін айқындауға бағытталған процедуралық іс-шаралар жүргізілуде, қажетті тексерулер жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды.

«Барлық қажетті процедуралық дәлелдемелер алынғаннан кейін кінәлілер жауапқа тартылады», – деді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

Алдыңғы жазбаСілтесең – семсер, қорғансаң – қалқан болған…
Келесі жазбаАлматы орталығына көлікпен кіруді ақылы ету қарастырылады