Home Жаңалықтар Виталий Кличко: «Володя Қазақстанда дүниеге келді, бірақ қазақ емес» – Бокс

Виталий Кличко: «Володя Қазақстанда дүниеге келді, бірақ қазақ емес» – Бокс

46

Аса ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы, қазір Украина астанасы Киев қаласының әкімі Виталий Кличко «Рейтинг букмекеров» жобасы аясында белгілі бокс шолушысы Александр Бельинкиге сұхбат берді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Сұхбат барысында бұрынғы боксшы Семейде дүниеге келген інісі Владимирмен қатынасы туралы айтып берді.

«Білмейтіндер болса ағайынды Кличко – әскерилер отбасынан. Әкеміз – әскери авиатор. Мен Қырғызстанда дүниеге келдім, бірақ, қырғыз емеспін. Інім де қазақ емес, бірақ, Қазақстанда туған. Дегенмен Қырғызстан – бір кіші отаным десе болады. Қырғызстанда тұрдық, Қазақстанда да, Ресейде де, Балтық елдері мен Чехияда да. Кейін әкеміз Украинаға оралды. Тағы мектеп ауыстырдым, балалық өткен орындарды шолып өткен қызық әрине», – дейді Виталий Кличко.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаКолледж мұғалімі студентті ұрып-соқты: БҒМ қандай шара қолданады – Тосын жай
Келесі жазбаАлғашқы әскери дайындық пәні мұғалімінің ашуға булыққан сәті видеоға түсірілген – Тосын жай