Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда арнайы операция жүргізді Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.
ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті этностық қылмыстық топтың құқыққа қарсы іс-әрекетінің жолын кесті, ол бизнес-орта өкілдерінің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қатері арқылы ақша қаражаттарын жүйелі түрде бопсалаумен айналысқан.
Фото: ҚР ҰҚК «Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Елордада арнайы операция өткізіліп, аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден жалған қарызын қайтару үшін «Toyota» маркалы автокөлігін қорқытып алу кезінде ұсталған», – делінген хабарламада. Фото: ҚР ҰҚК Фигуранттарды ұстау барысында 11 оқ-дәрісі бар «Макаров» тапаншасы және 5 оқ-дәрісі бар травматикалық тапанша табылды. Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Kaz.tengrinews.kz
.