Home Жаңалықтар Қазақстанда коронавирустан екі адам жазылды

Қазақстанда коронавирустан екі адам жазылды

284

Қазақстанда екі адам коронавирустан жазылды , — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев брифингте мәлімдеді.

«Екі емделуші коронавирустан жазылды. Қазір олар соңғы анализдерін тапсырып жатыр. Ертең ауруханадан шығады», — деді Абаев.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 80-ге жеткен.

Алдыңғы жазбаТокио олимпиадасы 2021 жылға шегерілді
Келесі жазбаАсхат Аймағамбетов қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады