ҰҚК Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2024 жылғы 24 қаңтарда ҰҚК Алматыда қару арсеналы жасырылған орынды анықтаған.
«Калашников» автоматтарын, тапаншалар мен мылтықтарды қоса алғанда 30 қару-жарақ, сондай-ақ 5 граната, 10 түтіндету құтысы және әртүрлі калибрдегі 221 патрон алынды», – делінген хабарламада.
Алдын ала деректер бойынша, табылған қару «қаңтар оқиғалары» кезінде ұрланған. Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметінен