Home Руханият «Ұлы дала жорығы»

«Ұлы дала жорығы»

165
Қазақстанда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында 2024 жылғы 3-7 қыркүйек аралығында алғаш рет «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесі өтеді.

Ауқымды спорттық шараға 10-нан астам елден командалар қатысады деп күтілуде. Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка Республикасы Ресей Федерациясының және т.б. елдердің шнабандоздары дүбірлі додада бақ сынайтын болады.

Атап айтсақ, Қырғызстан құрамасы «Ұлы дала жорығына» қатысатын ең үздік аттарды іріктеу мақсатында көпкүндік ат спорты марафонын өткізді.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ақпарат берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.07.2024 13:47Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

Қырғызстан Ат спорты федерациясының вице-президенті Манас Сұлтанов «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне шақыруды қабылдау үлкен мәртебе екенін айтты.

«Қазақстанда өтетін көпкүндік ат жарысына дайындық аясында 300 шақырымдық қашықтыққа «Кочмондор журушу» іріктеу марафоны өтті. Барлық командаларға сәттілік тілеймін және жеңімпаздардың көп болуын қалаймын. Ең төзімді және жылдам сәйгүліктер жеңіске жетіп, тұғырдан көрінетініне сенімдімін», – деді М.Сұлтанов.

Алдыңғы жазба«Қазселденқорғау» бұрынғы басшысы Кәрім Көкрекбаевқа қатысты үкім күші жойылды
Келесі жазбаАстрахан облысынан Алтын Орда хандарының қорымы табылды