«Түркістан альбомы» — Ресей империясы фотографтарының XIX ғасырдың екінші жартысында Орта Азия адамдары мен тұрмысының суреттерін тынымсыз еңбектеніп жинаған бірегей мұрасы.
Альбомның түпнұсқаларының бірі АҚШ-та болып шықты, ал 2012 жылы Конгресс кітапханасы барлық суреттерді цифрлап, өз сайтында жариялады. Альбом төрт томға бөлінген — археологиялық, этнографиялық, кәсіптік және тарихи. Барлығы 1200 фотосурет.
Әрине, барлық суреттер үлкен құндылыққа ие. Бірақ этнографиялық бөлімнің «мекендеушілерін» тамашалау өте қызық – дәл осы адамдар осыдан бір жарым ғасыр бұрын қазіргі Қазақстан мен көршілес республикалардың аумағында өмір сүрді.