АҚШ президенті Дональд Трамп «Талибан» қозғалысы және «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының Ауғанстандағы күштері туралы мәлімдеме жасап, бұл елде АҚШ-тан басқа елдер де соғыса алатынын айтты. Оның пікірінше, Ауғанстандағы соғыс қимылдарына Ресей, Үндістан және Пәкістан белсенді араласуы керек.
Үкімет отырысында сөйлеген Трамп 1980 жылдары Ауғанстандағы соғыс СССР-ды «тақырға отырғызып», ыдыратқанын айтты.
«Ресей бұрын СССР болатын. Ауғанстан оны Ресейге айналдырды, өйткені Ауғанстанда соғысып жүріп банкрот болды. Ресей терроршылар өзіне қарай қозғалған соң Ауғанстанда соғысты. Олардың Ауғанстанда соғысуға хақы болды. Тақырға отырған соң, қайтадан Ресей деп атала бастады» деп мәлімдеді Трамп.
СССР Ауғанстанға 1979 жылы басып, кіріп 1989 жылға дейін сонда әскер ұстады. Совет әскері моджахедтермен Кабулге бақылау үшін күресті. Он жыл бойы көп шығанға батқан СССР 1989 жылы Ауғанстаннан әскерін әкетті. СССР ресми түрде 1991 жылы 26 желтоқсанда ыдырады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ауғанстаннан америкалық әскерилердің шығатыны туралы ресми мәлімдеме жасаған жоқ. АҚШ бұл елде 14 мыңға жуық әскер ұстайды.