Home Жаңалықтар Төрт жасар қыз әлемнің ең жас вундеркиндтерінің бірі деп танылды — Ғылым-Бiлiм

Төрт жасар қыз әлемнің ең жас вундеркиндтерінің бірі деп танылды — Ғылым-Бiлiм

250

Ұлыбританияда төрт жасар қыз әлемнің ең жас вундеркиндтерінің бірі деп танылды. Оның IQ көрсеткіші 140 балл деңгейінде, — деп жазады Lenta.ru.

Алана Джорджтың (Alannah George) ата-анасы Надин мен Эдмунданың айтуынша, қыздары кішкентай кезінен-ақ әріптер мен сандарға қызығушылық білдіріп, бөтен біреудің көмегінсіз сөздерді оқуды да үйреніп алған.

«Өзі әлі кіп-кішкентай, бірақ өмірін оқусыз елестете алмайды. Оның соншалықты ақылды екенін білгенде — өзіміз де қорқып кеттік, — дейді қыздың анасы Надин. — Ол өте дарынды, алайда біз оның осыншалықты дарыны бар екеніне әлі сене алмай отырмыз».

Анасының айтуынша, ол баласының ерекше дарынын 7 айлық кезінде байқаған. Алана сол кездің өзінде әріптерді атап, бір жылдан соң толық бір сөйлемді оқып, тіпті сөйлей алатын болған. Үш жасында өз бетінше оқи бастаған.

Кейіннен анасы Алананың ақыл-ой дамуын тексеру үшін мамандарға барған. Тестілеудің нәтижесі 4 жасар қыздың жеті жастағы баланың деңгейінде оқи алатынын және 6,5 жастағы бала сияқты ойлау қабілетіне ие екенін көрсеткен.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЗілтемірші Сәпи Есенгелді Лас-Вегаста алтын медаль жеңіп алды — Спорт
Келесі жазба«Жиһадқа шақырған». Серікжан Біләштің ұсталуының мән-жайы анықталды — Ел жаңалықтары