Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде бірнеше қазақстандық партия басшысын қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Ақорда хабарламасында Тоқаевтың «Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашевті, Қазақстан коммунистік халық партиясы орталық комитетінің хатшысы Айқын Қоңыровты, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаевты қабылдағаны» жазылған.
Сайттың жазуынша, «кездесу кезінде қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланған».