10:57:58Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне қатысты деп хабарлайды Ақорда.
Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылурәсімі басталар алдында мемлекеттербасшылары Қазақстан Республикасының ТұңғышПрезиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгімазмұнын ашуға арналған «Ұлы дала мұрасы» атты көрмені аралады.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттықмузейінің қорындағы еліміздің ежелгі өнертуындылары, соның ішінде Есік қаласынантабылған алтын адам, Берел қорғандарынантабылған аттар мен ат әбзелдерінің қалпынакелтірілген нұсқалары, «Тақсай Ханшайымы«, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи–мәдениқорық–музейінің бірегей экспонаттары қойылған.
Фото: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым–Жомарт Тоқаевсалтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде ӨзбекстанРеспубликасының президенті ШавкатМирзиёевке және өзбек халқына жылы қарсыалып, қонақжайлық көрсеткені үшінризашылығын білдірді.
«Бізді тіліміздің бірлігі, дініміз, ортақтарихымыз бен біртұтас тағдырымызбіріктіреді. Халықтарымыз – ОрталықАзиядағы ежелгі әрі ұлы өркениеттің мұрагері. Біз дәстүрімізді, бабаларымыздыңқұндылықтары мен мәдени–тарихи мұраларынсақтап қалдық. Сонымен қатар, көптеген қиынсынақтарды бастан өткердік«, – деді мемлекет басшысы.
Қасым–Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанарасындағы стратегиялық әріптестік пен жемістіынтымақтастықтың қазіргі кезеңдегі жоғарыдеңгейге көтерілген тарихи достықтың қисындыжалғасы екенін айтты.
«Шекара маңындағы ынтымақтастықнығайып, тауар айналымы өсіп келеді. БүгіндеҚазақстан–Өзбекстан қарым–қатынастарындашешілмеген ешқандай мәселе жоқ екенін нақтыайта аламын. Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш президенті – Елбасы НұрсұлтанНазарбаев пен құрметті президент ШавкатМирзиёевтің арқасында қазақ–өзбекқатынастары жоғары деңгейге көтерілді«, –деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы Ұлы Абайдың қазақтарғабауырлас өзбек халқының еңбекқорлығын, қайырымды істері мен қарапайымдылығын үлгіетіп, үйренуге шақырғанын айтып, Өзбекстанбасшылығына қазақ мәдениетін қолдағаны үшінризашылығын білдірді.
«Президент Шавкат Мирзиёевтің «ҚазақтыңҰлы ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбаевтыңшығармашылық мұрасын кеңінен оқу меннасихаттау туралы» қаулысы аясындаатқарылған ауқымды шаралар үшінризашылығымды білдіремін«, – деді Қасым–Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы өзбекдиаспорасын қолдау шараларына жеке тоқталды.
«Біз өз елімізде өмір сүріп жатқан өзбекхалқының рухани, әлеуметтікқажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшінжан–жақты шаралар жасап жатырмыз. Қазақстанның барлық дерлік өңірінде өзбекэтномәдени орталықтары ашылған. Өзбек тіліҚазақстанның медиа саласында, білімжүйесінде және мәдени өмірінде орнын алған. Екі өзбек театры табысты жұмыс істеуде«, –деді Қасым–Жомарт Тоқаев.
Қасым–Жомарт Тоқаев бірлескен 200-ден астамшараны қамтыған Қазақстандағы Өзбекстанжылы екіжақты байланыстың нығаюына ықпалеткенін атап өтіп, Шымкентте өткен алғашқыӨңіраралық форумға ерекше тоқталды.
«Екі жақты тауар айналымын 5 миллиард долларға жеткізу туралы мақсатымызғабіртіндеп жақындап келеміз. Көлікқатынастарының қарқынын арттырубойынша жұмыстар жүргізілуде. Біздіңелдеріміздің көлік–логистикалықинфрақұрылымдарының дамуы Еуропа мен Азиянарықтарына шығуға мүмкіндіктер ашады», – деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы Өзбекстандағы Қазақстанжылы екі ел қарым–қатынасы үшін ғана емес, тұтас Орталық Азияда өзара түсіністік және сеніматмосферасының қалыптасуы үшін маңызы барайтулы оқиға екенін атап өтті.
«Орталық Азияның табысты экономикалықдамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, негізінен, Қазақстан мен Өзбекстанның тығызықпалдастығы мен келісілген іс–әрекеттерінебайланысты. Шұғыл түрде түркі дүниесініңғана емес, әлемдік мәдениеттің мақтанышынаайналған біздің елдеріміздің басты рухани жәнетарихи орталықтарын бір біріменбайланыстыратын Түркістан, Самарқанд, Бұхараны бір бағытқа қосатын туристіккластер ашуды ұсынамын«, – деді мемлекетбасшысы.
Қазақстан президенті сөзінің соңында ата–бабаларымыз мұра етіп қалдырған қазақ–өзбекхалықтарының достығы мен бірлігін сақтауқазіргі ұрпақтың ортақ парызы екенін атап өтіп, Өзбекстандағы Қазақстан жылын ашық депжариялады.
Салтанатты рәсім Әлібек Дінішев, Айман Мұсаходжаева, Медет Шотабаев, НұрланБекмұхамбетов, Димаш Құдайбергенов, МарияМудряк сынды Қазақстан өнерінің қайраткерлерімен сахна шеберлері, шығармашылықұжымдарының қатысуымен өткен гала–концертпен қорытындыланды.
Өзбекстандық көрермендер назарына М.Төлебаевтың «Біржан–Сара» операсынанүзінді, «Astana Ballet» театрыныңхореографиялық композициясы, «Салтанат» ҚРмемлекеттік би ансамблінің, К.Кужамьяроватындағы Мемлекеттік республикалықакадемиялық ұйғыр театрының жәнеМемлекеттік республикалық академиялық корейтеатрының орындауындағы қойылымдарұсынылды.