Home Жаңалықтар Сағынтаев пен Тәжин жаңа қызметке тағайындалды

Сағынтаев пен Тәжин жаңа қызметке тағайындалды

47

Бақытжан Сағынтаев президент әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған жергілікті ақпарат агенттіктері.

Қазақстанның уақытша президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны тағайындау туралы құжатқа 24 наурызда қол қойған. Бұған дейін президент әкімшілігінің жетекшісі қызметін атқарған Әсет Исекешев басқа қызметке ауысуына байланысты бұл орнынан кеткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев 24 наурызда сонымен бірге Марат Тәжинді мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындау туралы құжатқа қол қойды. Марат Тәжин бұған дейін президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарған. Ал ақпан айының соңында үкімет отставкаға кеткеннен кейін Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалған еді.

Жексенбі, 24 наурызда Қазақстанның Финляндия және Эстониядағы елшісі Мұрат Нұртілеуовтің Қазақстан президентінің жаңа көмекшісі болып тағайындалғаны белгілі болды. Мұрат Нұртілеуов 1976 жылы 11 наурызда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде әр жылдары түрлі қызмет атқарған.

Алдыңғы жазбаТөреғали Төреәлі тағы да ұшақ бортында заң бұзды (фото)
Келесі жазбаҚырғызстанда Бішкекті Манас деп өзгерту туралы ұсыныс айтылды