Home Жаңалықтар Тоқаев бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіру уақытын жылжытуды тапсырды – Ел жаңалықтары

Тоқаев бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіру уақытын жылжытуды тапсырды – Ел жаңалықтары

47

Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусымнан бастап бюджеттік саладағы қызметкерлердің жалақысын өсіруді тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Үкіметке бюджеттік салада төмен жалақы алатындардың жалақысын көтеруді 1 шілдеден 1 маусымға ауыстыруды тапсырдым. Бұл шешім бір миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкердің өміріне әсерін тигізеді», – деп жазған Тоқаев өзінің Twitter парақшасында.

Ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік бюджеттік саладағы қызметкерлердің айлығын 30 пайызға өсіруді тапсырған. Бұл шараға 2019-2021 жылдарға 980 миллиард теңге бөлінеді. Оған қоса Тұңғыш Президент аудандардағы, облыстардағы атқарушы органдарда төмен жалақы алатындардың жалақысын орташа есеппен 25 пайызға өсіруді тапсырған.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаБайбек алматылықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаТимур Сүлейменов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды – Ел жаңалықтары