Home Жаңалықтар Тоқаев Бас прокурорға түрмедегілерді қинау дерегін жіті тексеруді тапсырды

Тоқаев Бас прокурорға түрмедегілерді қинау дерегін жіті тексеруді тапсырды

59

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы түзеу мекемесінде болған оқиғаны өз назарына алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Алматы облысы Заречное ауылындағы түзету мекемесінде жазасын өтеушілерді азаптау деректеріне қатысты Бас прокурорға жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырдым. Түзету мекемесінің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. ҚР ІІМ-не түзеу мекемесін жаңартып, жаңғырту тапсырылды. Мұндай жайттар қайталанбас үшін азаматтық бақылауды күшейту қажет», деп жазды Президент Тwitter-де.

Айта кетсек, 26 шілдеде әлеуметтік желілерде тұтқындарды ұрып-соғып жатқан видео тараған. 29 шілдеде қызметтік тергеу нәтижелері бойынша Тәртіптік комиссияның шешімімен мекеменің 7 қызметкері жұмыстан босатылды. Атап айтқанда, түрме басшысы мен оның екі орынбасары жұмысынан алынды. Оларды ендігәрі ішкі істер органы жұмысына жолатпау бұйырылды. Сондай-ақ түзету мекемесінің облыстық басшысы да қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алдыңғы жазба«Әлем жүгірісі» эстафетасы тізгінді Қазақстанға бұрды
Келесі жазбаТоқаев Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады