Home Жаңалықтар Тоқаев Астанадағы форумда серіктестік үшін бірлік ауадай қажет екенін еске салды

Тоқаев Астанадағы форумда серіктестік үшін бірлік ауадай қажет екенін еске салды

58

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында мазмұнды әңгіме мен серіктестікке жол ашу үшін ашықтық, шыдамдылық және бірлік ауадай қажет екенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Сөз соңында маған мына жайтты еске салуға рұқсат етіңіздер. Мазмұнды әңгіме мен серіктестікке жол ашу үшін ашықтық, шыдамдылық және бірлік ауадай қажет.

Мен осы форумға және әрқайсыңызға сәттілік тілеймін. Баршаңызға бүгін біздің қатарымызға қосылғандарыңыз үшін тағы да алғыс айтамын. Талқылаулар сіздер үшін табысты болуына тілектестік білдіремін», – деді Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысушыларға.

Алдыңғы жазба«Көше сыпырғыш әкім» көшелі брифинг өткізе алмайды
Келесі жазба«Жеке күзет, жақсы табыс». Қостанайда студенттерді жезөкшелікке тарту схемасы әшкереленді