Home Жаңалықтар «Астана» төртінші рет жеңіліп, плэй-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды

«Астана» төртінші рет жеңіліп, плэй-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды

49

Елордалық «Астана» Еуропа лигасының 4-турында голландиялық «АЗ Алкмардан» жеңілді, – деп хабарлайды Vesti.kz.  L тобындағы ойын 7 қарашада «Астана Аренада» өтіп, қонақтардың пайдасына 5:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда бір ғана гол соғылды. 29-минутта голландиялық клубтың 18 жастағы шабуылшысы Майрон Боаду есепті ашты.  Екінші таймның басында матч тағдыры шешілді деуге болады. АЗ екі минуттың ішінде «Астана» қақпасына тағы екі гол тоғытты: 55-минутта Норвегия құрамасының жартылай қорғаушысы Фредрик Мидтше, 57-минутта Марокоо құрамасының форварды Уссама Идрисси көзге түсті.  76-минутта Грекия құрамасының қорғаушысы Пантелис Хацидиакос өз командасының төртінші голын соқты. Араға бір минут салып, Боаду дубль жасады.  24 қазанда Голландияда АЗ «Астананы» 6:0 есебімен жеңген болатын.  Осылайша, «Астана» топтағы төрт матчында да жеңіліп, Еуропа лигасының плэй-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды.  Енді «Астана» 28 қарашада англиялық «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды.

Алдыңғы жазбаОмскіде өткен XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы: 8 құжатқа қол қойылды
Келесі жазбаИранда жер сілкінісінен бірнеше адам қаза тапты