Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапарымен келді.
«Сапар барысында Президент әуежайдың жаңа терминалын аралап көреді және басқа да бірқатар нысанға барады», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ғалымдармен, бизнес өкілдерімен, халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізеді.