Home Басты жазба Бос жатқан жер жау шақырады

Бос жатқан жер жау шақырады

252

Қазақстан тәуелсіздікке  қол жеткізгелі  бері,  тағдырдың талайымен  сырттта қалған  қаншама қандастарымыз  елге  оралды.  Әлбетте,  «елге ел  қосылса  құт»  демекші, ақиқатын  тура  айтсақ, өз  жерінде азшылықтың  күйін  кешіп  отырған  алаш  баласы демографиялық жағдайын  біраз  түзеп алды. Мұны  ешкім  жоққа шығара алмасы  хақ.

Бүгінгі күнгі  нақты  дерекке  көз  салсақ, 1991 жылдан бері өз  Отанына 1 миллион 134,3 мың этникалық қазақ оралған  екен. Тәубе!  Шүкір! Әрине  түрлі кедергілер  болмағанда  бұданда көп  қазақ атамекеніне   қайтып келер ме  еді, әттең. Біздегі  бюрократиялық  жүйе көші-қон  саясатынада  бөгет  болғаны  белгілі. Әйтпегенде  қазіргі еліміздегі қазақтардың саны  14  миллион  емес,   әлемнің  40  мемлекетінде шашылып жүрген  7  миллионға  тақау  қазақты  қосқанда  20  миллионның  үстіне  шығып  кетер  еді. Амал  нешік.  Барға  қанағат  тұтамыз  да. Айтқым келгені,  сырттан келіп жатқан  қандастарымызды   қолдан келгенше солтүстік  және шығыс аймақтарға  қоныстандыруды жоспарлы  түрде  жүзеге асыру. Себеп  белгілі, әлі  күнге  ол  өңірлерде қазақтардың  үлес  саламағы кем. Өзге  ұлт  яғни  орыс  халқының  салмағы  басым. Әрине, «Еңбек»  бағдарламасының  арқасында біраз  қазақ  оңтүстіктен  солтүстікке  барғаны ақиқат.  Бірақ ол  маңда көшіп  барғандарға  жөнді  жағдай  жасалмағандықтан біразы кері қайтты. Шындығын айтар  болсақ,  солтүстік  өңірді  алаш  баласымен  толтыру,  мемлекеттің стратегиялық  саясаты  болуы  тиіс. Өйткені  бүгінгі  күні халықаралық  геосаяси  мәселелер ушығып, жұмыр жердің  әр  қиырында,  жер  үшін қарулы  қақтығыстар  жүріп  жатқанда, жағаны  жайлауға  жеберіп,  әрекетсіз  отыруға  болмайды. Солтүстік  көршіміздің  қазақ  жеріне деген  ұстанымы  белгілі. Қарапайым  саясаткерсымағынан бастап,  Дума депутаттарына дейін қазақтың  солтүстік облыстарына көз  алартып келе жатыр. Сол  Ресейдің Украинаға  қарсы басқыншылық  соғысында еш  әстен  шығаруға  болмайды. Демек,  өзге жұрт  көз алартпау  үшін, солтүстік және  шығыс аймаққа қандастарды орналастырған жөн. Бұл  ресми  Астананың  ең  маңызды стратегиялық   саясатының  бір  тармағы  болуы  тиіс!

Азаматхан  Әміртай

«Байтақ»  жасылдар  партиясының төрағасы

Алдыңғы жазбаҚазақстанда «тоғызқұмалақ» ойынының атауын өзгерту ұсынылды
Келесі жазбаТоқаев Алматыға келді