Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазымында отырғанына 100 күнтолды. Президент баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында осы аралықта Тоқаевтың қандай істер атқарғаны туралы видео шолу жариялады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа ант беріп, ресми ұлықтау рәсімін өткізгеніне 100 күн толды. ҚР Президентінің осы аралықтағы жұмыстарына қысқаша шолу», – деп жазды Берік Уәли. Видеода кездесулер үзінділері, Президенттің әр түрлі қалаларға барғандағы сапарларынан үзінді, оның ішінде Арыс қаласы да бар. Қасым-Жомарт Тоқаев ресми түрде 12 мауысымда Қазақстан Президенті болып сайланды. Осы күні оның ұлықтау рәсімі өтті. 9 маусымда өткен сайлауда Тоқаев 70,96 пайыз дауыс жинады.
https://www.facebook.com/100003403233694/videos/2305718872884865/?t=0