Home Жаңалықтар Тегеран әуежайында жолаушылары бар ұшақтан өрт шықты – Жаһан

Тегеран әуежайында жолаушылары бар ұшақтан өрт шықты – Жаһан

56

Тегеранда Мехрабад халықаралық әуежайына қонып жатқан ұшақтан өрт шықты. Әуе кемесінің бортында әлі 50-ге жуық жолаушы бар, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің ақпараты бойынша, 50-ге жуық жолаушы қауіпсіз жерге көшірілді, тағы 50-ге жуығы бортта қалған. Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.

Оқиға болған жерге авариялық-құтқару қызметтері келді. Өзге мәліметтер әзірге хабарланбады.

Әлеуметтік желілерде оқиғадан видеолар тарап жатыр. 



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАқтауда қарулы топ букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады – Қылмыс
Келесі жазбаНазарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті – Ел жаңалықтары