Тарихқа сенсек, Есік обасынан Алтын адам 1970 жылы табылған. Тапқан адамдар белгілі. Табылған – Сақ патшасының өзі емес, сақ ханзадасы. 17-18 жаста делінеді, әйел-еркегі белгісіз. Басы жоқ. Сүйегі әзер дегенде табылды. Соны біз әлі күнге малданып жүрміз.
Ал сонда №1 Сақ патшасы қайда жерленген деп ойлайсыздар? Әрине, сол маңда болады да. Құпия қорғанның ежелгі картасы сақталғаны ақиқат.
Ендеше, Сақ патшасының сүйегі қайда кеткен?! Ол қашан қазылып алынған, қайда, қашан, қалай әкетілген?!
Тарихқа қарасақ, 1963 жылдың 7-шілдесі күні адам айтқысыз аты шулы тасқын болып, Алатаудың «жанары» ағып түскені, есіл көл — Есік көлінің «өлгені», биіктігі қырық метр қара лай тасқын (13 қабат үйдің биіктігіндей) жолында кездескеннің бәрін жайпап өткені белгілі. Ресми түрде сол кезде 70 адам өлді делінгенмен, ол сан 70 мың адам болуы мүмкін, оны енді ешуақытта біле алмаймыз.
Сол қаралы оқиға болатын күні КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы Н.Косыгин мен Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы Д.Қонаев екеуі неге Есік көліне барды деп ойлайсыздар?! Неге сол күні туристер мен бейсауат жандардың Сақ қорғаны жағына баруына қатаң тосқауыл қойылып, арнайы бөгет жасалынған?! Сұрақ – көп, жауап – жоқ!
Қонаев өзінің кітабында, сол күні Косыгин екеуінің биік көпір үстінде тұрғандарын, жүрегі бір қауіпті сезіп, Косыгинді жүр-жүрлеп көпірден сүйреп алып шыққанын айтады. Сол замат алапат лай-тасқын Косыгин мен Қонаев тұрған көпірді шопақ құрлы көрмей, ағызып ала жөнеледі. Егер бір минут кешіккенде, екеуін де қара батпақ жұтып қоятын еді. Құдай сақтап, аман қалған екеуі желдей ескен суға жеткізбей лимузинмен ағыза жөнеледі.
Осыны кездейсоқтық деп ойлайсыздар ма?! Өмірде кездейсоқтық болмайды!
Қонаев ол құпияны өзімен бірге көрге ала кетті ме. Бәлкім, біреулерге аманаттап айтып кеткен де шығар…
Есік көлінде болған бұл қаралы оқиға – сол күні қазылып алынып, сүйегі Мәскеуге ұшақпен әкетілгелі тұрған №1 Сақ Патшасының қаһары, ашу-наласы, қарғысы деп ойламайсыздар ма?!
Аруаққа сенбейтіндерге оны ғылыми түрде түсіндіруге де болады. Оны айтсақ жазбамыз созылып кетеді. Қысқаша айтсақ, Жердегі заңдылықтың сақталуы Аспаннан қатаң қадағаланады…
Бұл құпия да түптің түбі (бәлкім, жуық арада) ашылады!!!
Төреғали ТӘШЕНОВ