Home Жаңалықтар Қазақстанда президентке кандидаттардың теледебаты тікелей эфирде өтеді

Қазақстанда президентке кандидаттардың теледебаты тікелей эфирде өтеді

44

ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрі Дәурен Абаев президентке кандидаттардың өзара дебаттарын телеарналардың тікелей эфирінде көрсетуге дайындық жүріп жатқанын айтты.

– Менің білуімше, теледебаттар болады. Және ол тікелей эфирде өтеді, – деп хабарлады ол.

Алайда министр дебаттардың тақырыбы, онда қандай сұрақтар қойылатынын нақты айтпады.

– Теледебат болғанда, кандидаттар өзара сөз таластырады. Оның қайда, қашан, қандай форматта өтетіні кейінірек белгілі болады, – деді Абаев.

 

Zakon.kz

Алдыңғы жазбаЭлектронды сауда: Қазақстан компанияларының табысын 1 трлн теңгеден асыруға мүмкіндік бар
Келесі жазбаКіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін – Тоқаев