Home Жаңалықтар Таразда полиция подполковнигі әшкереленген бейнежазбадан соң жұмыстан босатылды — Тосын жай

Таразда полиция подполковнигі әшкереленген бейнежазбадан соң жұмыстан босатылды — Тосын жай

261

Таразда ішкі істер органдарынан қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшысы подполковник У. Сексенбаев қызметтік тәртіпті қатаң бұзғаны үшін жұмысынан босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл 5 қаңтарда әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің қызметтік автокөлігмен мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы бейнежазба тараған болатын. Бейнежазбада полиция қызметкеріне көлікті өшіріп, аты-жөнін айтуын сұрайды. Одан соң көліктің нөмірін бейнежазбаға түсірген.

Ролик қызметтік тексеріске себеп болды, нәтижесінде полиция подполковнигі қызметтік тәртіпті бұзғаны және жол-көлік оқиғасына себеп болғаны үшін ішкі істер органдарынан қуылды.

«Оған қоса полицейдің тікелей басшылары, яғни Жамбыл облысының ПД ЖПҚ мен Тараз қаласының басқарма полициясы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаБұл бізге сабақ болады — Абаев Қарағандыдағы оқиға жөнінде — Ел жаңалықтары
Келесі жазбаӨзбек қазақтан оза шапқан заман…