Home Жаңалықтар Өзбек қазақтан оза шапқан заман…

Өзбек қазақтан оза шапқан заман…

40

Бүгінгі күні өзбек  қай деңгейде,біз  қай тұстамыз. Осы аражікке көз тастар  болсақ, өз ағамыздың бізден оза бастағанын  байқаймыз. Бірақ бізде бізден  өткен  мықты  жоқ  деген  мақтаныш  басым, өз-өзімізді алдау   басым.  

Белгілі блогер Бауыржан Серікбайдың өзбектің өз ішіндегі өзгерістер мен Қазақстандағы жағдайды салыстыра жазыпты.  Автор былай депті:

– Мирзиеев Өзбекстан билігіне келгеннен кейін өзбек еліндегі Манас атты ауылды тұтасымен адам танымастай етіп өзгертті.

Жаңа жол, мектеп пен ауруxана, спорт залдарын салып, су тартып осы қадамы арқылы

Өзбекстанды болашақта қандай жұмыстар күтіп тұрғанын өзбек xалқына сездіргісі келді.

Қазақстанда 160 аудан бар. Біздің табиғи байлық пен xалық санының өлшемін салыстырар болсақ жылына 160 аудандағы 160 ауылды ауыз сумен, замануи жолмен, жаңа мектеп пен мәдениет орталықтарымен қамтамасыз етуге әбден болады.

Ол үшін 13 мың Болашақшылардың ішінен 160 талантты азаматты таңдап, жыл сайын жаңа 160 ауылға реформа жасап отыру керек.

Қазақстан xалқының 45% ауылда тұратынын ескерсек 5-6 жылдан кейін елдегі әлеуметтік жағдай мен дамудың шынайы көрінісін сезетін боламыз.

Ешқандай ЭКСПО мен бітпейтін самиттердің қажеті жоқ. Жыл сайын 160 ауданда бизнесі өркендеп, жаңарған 160 жаңа ауыл болуы керек.

Егер де осыны жапондарға тән тиянақтылықпен істей алсақ, Қазақстандық дамудың көкесі сонда болар еді…

Әттең, үлкен мінберден пікір айтар бәсекелі саяси жүйе жоқ. Бәріміз бір кісінің аузына қарап отырған заманда өмір сүріп жатырмыз…

 

Алдыңғы жазбаТаразда полиция подполковнигі әшкереленген бейнежазбадан соң жұмыстан босатылды – Тосын жай
Келесі жазбаАбаев «Древний Рим» мейрамханасындағы оқиғаға қатысты депутаттарға жауап берді – Ел жаңалықтары