Жолшылар «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолын қайта жаңарту жұмысы барысында айналма жолдардың құрылысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «АқзАвтоЖолға» сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, аталмыш жол қайта жаңартылғаннан кейін ені 9 метрге кеңейтіп, ІІІ-техникалық санаттан сағатына 120 шақырым жылдамдық рұқсат етілетін ІІ-техникалық санатқа ауыстырылады. Қазіргі таңда «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» автожолының барлық учаскелері қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған. Жұмыстарды «Тодини Централ Азия» ЖШС, «К-Дорстрой» АҚ, «CITIC Construction Co, LTD» (Консорциумның көшбасшысы) құрылыс консорциумы жүзеге асыруда. 615-1073 шақырымдардың аралығында жолшылар айналма жолдардың құрылысын аяқтады, 1 мың шаршы метрден астам жер қазу жұмыстары жүргізілді және 50-ден астам су өткізгіш құбыр орнатылды. Биыл ұзындығы 26,7 шақырым төсеме қабат, қиыршық тас пен құмнан жасалған С-4 қоспадан жол табанының 21 шақырым төменгі қабаты, жоғарғы және төменгі қабаттарға 13 шақырым асфальтбетон жабын төселеді. Жол құрылысы өңірдің және іргелес облыстардың экономикалық дамуына үлес қосады.
. inform.kz