Home Жаңалықтар Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды

Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды

54
Қазақстан Үкіметі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда. Мәселен, 31 552 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

717 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтерге ие болды. Мәселен, Қостанай облысының тұрғындарына 298 үй/пәтер ұсынылса, Ақмола облысында — 85, Ақтөбе облысында — 121, Солтүстік Қазақстан облысында — 135, Батыс Қазақстан облысында — 70, Қарағанды облысында — 6, Павлодар облысында — 2 жаңа баспана берілді. Зардап шеккен тұрғындарға арнап шамамен 1 862 жаңа үй салынып жатыр.

Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа үй мен пәтер берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 09:32 

3 981 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге деп өтемақы алды.

Алдыңғы жазбаҚасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Келесі жазбаБукмекерлер мен онлайн-казиноларды жарнамалауға тыйым салынады