Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, физика-техникалық факультеті, жылуфизика және техникалық физика кафедрасының «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушы 4-курс студенттері өндіріс орнына барды. Студенттерді Есік қаласында орналасқан сүт өнімдерін шығарушы «ФудМастер» АҚ мамандары қуана қарсы алды. Өндіріс орнына өтпес бұрын студенттер қауіпсіздік ережелерімен танысып, өндіріс орнын аралауға арналған арнайы формаларды киді. «ФудМастер» АҚ бас маманы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Тойчина Баян студенттерге өндіріс орнын толығымен таныстырып шықты. 250 қызметкері бар өндіріс орны үзіліссіз жұмыс істейтінен естіген студенттер таң қалғандарын жасыра алмады. Конференцзалға оралған студенттерді ФудМастердің HR маманы жұмысқа шақырды. QR код орналасқан жабсырмалы қағаз арқылы бос жұмыс орандарымен танысты. Студенттерге жемісті сұйық йогурттер, айран, сүзбе сияқты бүгін ғана шыққан өнімдерден ауыз тигізді. Осылай студенттер «Кәсіпорынның сапа жүйесіндегі аудит негіздері» пәнінен алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекітті.
Айжан Куйкабаева,
Шолпан Ғұмарова,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушылары