Home Жаңалықтар Сот Украинаның жаңа президенті Зеленскийге айыппұл салды

Сот Украинаның жаңа президенті Зеленскийге айыппұл салды

58

Киевтің Оболонск аудандық соты президентсайлауында жеңіске жеткен ВладимирЗеленскийді «сайлау заңын бұзды» деп, 850 гривен (шамамен 45 доллар) айыппұл салды. Сотшешіміне қарағанда, Зеленский 21 сәуірде, президент сайлауының екінші кезеңі өткен күні, сайлау учаскесінде журналистерге дауыс берупарақшасын көрсеткен. Заңға сәйкес, бұл дауысберуді құпия сақтау тәртібін бұзады.

Полиция Зеленскийге қатысты хаттаманы солкүні толтырған. Кандидат сол кезде заң бұзғанынмойындаған. Бірақ Зеленский 13 мамырдағысотқа келмеді.

Бұған дейін Зеленский штабы айыппұл салынса, бірден төлеп тастайтындарын мәлімдеген.

21 сәуірде Украина президенті болып сайланғанВладимир Зеленскийдің инаугурациясы әлі өткенжоқ. Жоғарғы рада инаугурация мерзімін 14 мамыр күні анықтамақ. Зеленскийдің өзі ұлықтаурәсімін 19 мамырға белгілеуді талап етеді.

Сарапшылардың сөзінше, инаугурация 27 мамырдан кейін өтсе, Зеленский Жоғарғыраданы тарата алмайды. Заң бойынша, жаңапрезидентті ұлықтау рәсімі Орталық сайлаукомиссиясының ресми қорытындысынан кейінбір айдың ішінде ұйымдастырылуы керек.

Алдыңғы жазбаТоқаев: Халықтың қаржысын жымқырғандар қатаң жазаланады
Келесі жазбаСириядан қайтқан 20 қазақстандық терроризм күдігімен ұсталды