ҚР Ұлттық экономика министрлігіндегі статистика мамандарының дерегінше, биылғы сегіз айдың ішінде Қазақстаннан 31 мың 287 адам (2018 жылдың қаңтар-тамызында 27 мың 737) кетіп қалды. Ал елге көшіп келгені 7 мың 420 адам (8 мың 426), деп жазады «Интерфакс-Қазақстан» таратқан ақпаратқа сүйенген kursiv.kz.
Осылайша, 2019 жылғы қаңтар-тамызда республикада теріс көші-қон сальдосы 23 мың 867 адамды құрады.
2019 жылғы тамызда Қазақстан халқы 18,6 мың адамға көбейді және 1 қыркүйекте 18 млн 547,5 мың адамды құрады, деп хабарлайды комитет.
Қазақстан халқының табиғи өсімі қаңтар-тамызда 175 мың 776 адамды құрады (2018 жылғы қаңтар-тамызда – 173 мың 709 адам).
Елдегі демографиялық жағдайдың өзге сипаттамаларына сай, тиісті уақытша көрсеткіштер мынау: бала туу – 265 мың 286 (261 мың 723), өлім – 89 мың 510 адам (88 мың 14).
Статистика комитеті сонымен қатар қаңтар-тамызда республикада 89 мың 510 неке (88 мың 931) қиылды деп хабарлады.
Алайда қаңтар-тамызда 40 мың 21 ажырасу тіркелді (36 мың 815).