Home Жаңалықтар Елбасы Шавкат Мирзиёевпен кездесті

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен кездесті

42

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен қол жеткізілген Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелеріне тоқталды.

– Қазақстан мен Өзбекстан өте жақын және маңызды серіктес. Өзара тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұған дейін мұндай көрсеткіштер болған емес. Бұл жақсы перспективаларға жол ашып отыр, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Өз кезегінде Шавкат Мирзиёев екі елдің табысты ынтымақтастығына көбіне Қазақстанның Тұңғыш Президентінің салиқалы саясатының арқасында қол жеткізілгенін айтты.

Сондай-ақ, Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында өтіп жатқан іс-шаралардың орындалу барысына тоқталды.

 

Алдыңғы жазбаҚазақстанда гендерлік теңсіздікпен күресетін әйелдер альянсы құрылды
Келесі жазбаСоңғы 8 айда Қазақстаннан 30 мыңнан астам адам көшіп кетті