Home Жаңалықтар «Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін» (видео)

«Халық көшеге тонауға шығуы мүмкін» (видео)

45

Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде соңғы күндері өмір күрт өзгерді. Коронавирус пандемиясы тіршілігімізді осыған ДЕЙІН және КЕЙІН деп екіге бөлді.

Ал біздің болашағымыз не боларын бүгінгі таңда ешкім дөп басып айта алмайды. Дегенмен, Қазақстанның тіршілігін сақтап қалу үшін Үкімет бір қатар терең реформалар жүргізуі тиіс. «Марғұлан не дейді?» бағдарламасының кезекті шығарылымында Ұлттық банк қолға алған шараларды талдаймын. Яғни, әңгіме бизнесті алқымынан алып, тығырыққа тіреген шаралар жайында болмақ. Еліміз мұнайдың қармағына ілініп, тәуелділікке түскенiн және қазіргі болып жатқан жағдайдан соң, біз экономикамыздың өте ауыр хәлде екенін мойындауымыз керек. Мұны одан әрі жасыру мүлдем мүмкін емес. Олай болмаған жағдайда, біз Ұлттық фонд қорынан да, бейбітшіліктен де, тәуелсіздігімізден де – барлығынан айырыламыз.

(Видео Марғұлан Сейсембайдың ютуб каналынан алынды)

Алдыңғы жазбаАлматыда коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу жыл соңына дейін ұзартылды
Келесі жазбаҚазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 57-ге жетті