Home Жаңалықтар Шымкентте автобус пен жеңіл көлік соғысты: 13 адам зардап шегіп, бір әйел...

Шымкентте автобус пен жеңіл көлік соғысты: 13 адам зардап шегіп, бір әйел қаза тапты

41

Шымкентте жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып,​ салдарынан 13 адам зардап шекті. Соынмен бірге, бір адам қайтыс болған. Жол көлік оқиғасы салдарынан көз жұмған автобустың кондукторы – қоғамдық көлік жүргізушісінің жұбайы деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Жол көлік оқиғасы бүгін, 16 қыркүйекте таңғы 07.20 шамасында орын алған.

Назарбаев даңғылы мен Бәйтереков көшесі қиылысында «Тойота камри» жеңіл көлігі мен 40-шы бағыттағы жолаушылар автобусы соқтығысып қалған.

«Жол апатынан зардап шеккендерге оқиға орнында 5 жедел жәрдем бригадасы шұғыл медициналық қызмет көрсетудеОқыс жағдайдан 13 адам зардап шеккен.

Он үш зардап шегушінің үшеуі – балалар, тоғызы – ересектер. Зардап шеккендерді жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл түрде ауруханаға жеткізуде.

Өкінішке қарай, жол апатынан ауыр жарақат алған бір азаматша оқиға орнында қайтыс болды-деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

 

Алдыңғы жазбаАлматыда жол апатынан екі қыз мерт болды: Mercedes жүргізушісі ұсталды
Келесі жазбаӨзбектерге Қазақстанның оңтүстігінен солтүстігіне көшу ұсынылды