4 маусымда Алматыдағы «Астана» қонақ үйіндеқазақстандық құқық қорғаушылардыңұйымдастыруымен елдегі бейбіт шеру өткізумәселесі туралы қоғамдық тыңдау өтті. Құқыққорғаушылар бейбіт жиын өткізудің қиындығын, азаматтардың наразылық акциясына шығуыназаңдағы кедергілерді айтты. Азаттық тілшісініңхабарлауынша қоғамдық тыңдауға отызға жуықадам қатысқан.
Қоғамдық тыңдауға құзырлы органдар менпрезиденттікке кандидаттардың штаб өкілдері дешақырылған болатын. Алайда олардың көбікелмеді, жиынға тек елдің қазіргі президенті әріпрезиденттікке кандидат Қасым–ЖомартТоқаевтың Алматы қалалық штабының жетекшісіРахман Алшанов қатысты.
Қоғамдық тыңдауда сөйлеген құқық қорғаушыЕвгений Жовтис Қазақстанда бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер жәнедемонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзутәртiбi туралы 1995 жылы қабылданған заңдыауыстыру қажеттігін айтты. Оның сөзінше, заңғақазірге дейін ешқандай өзгерту енгізілмеген, әріол халықаралық стандарттарға сай емес.
– Заң бейбіт шеру өткізуге кедергі келтірмеуікерек. Заңда қайшылық көп. Демократиялықелде заң деген азаматтарға көмектесуі тиіс… Алполицияның іс–әрекетіне келсек, олар шеругешыққандарды ұстамай, оларды қорғауы қажет. Шеру өткізетін орынға байланысты айтсақ, кезкелген жерде өткізуге рұқсат берілуі керек. Бұғанадам өміріне қауіп төндіретін орындарды ғанақоспаймыз, – дейді Жовтис.
Жиында құқық қорғаушылар жаңа заңжобасының концепциясын әзірлегенін айтты. Билік партиясының өкілі Рахман Алшановмұнымен қоғам айналысуы керек деген пікірінжеткізді.