Home Қоғам Шымкент әкімінің орынбасары Берденов есін жиды

Шымкент әкімінің орынбасары Берденов есін жиды

28

Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденов есін жиды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазір ол есін жиды және сөйлей алады. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр», – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды. Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алдыңғы жазбаҰстаздан өнеге алмаған ұрпақ – тамыры шала терек
Келесі жазбаХалқымыз алға қарай адымдап қадам басты