Қарағандыдағы қайғылы оқиғадан шығаратын қорытынды көп…
Соның ең негізгісі, қазаққа өзінің ұлттық буржуазиясы керек.
Бізде кәсіпкер көп, ұлттың рухани әлемін түсініп, ұлағаттайтын қазақи бизнес, бизнесмен тапшы.
Мемлекеттік, орталық деңгейдегі саусақпен санарлық тұлғадан басқа, облыстық деңгейде ондай азаматтар жоқтың қасы.
Қарағандының экономикалық бет- әлпетін осы желіде жазып жатыр.
Жол салу басқа ұлттың қолында, үй салу басқа ұлттың қолында, қызмет көрсету…
Ал бұл саланың баршасы мемлекеттің, салық төлеушінің, сіз бен біздің қалтамыздан төленеді.
Басқалар иелік етеді.
Неге мемлекет құраушы ұлт осымен айналыспайды?
Шенеуіктерге алтын сырға!
Егер, қазақ жол салса, үй салса не болады?
Сала алады ғой.
Осы жерде тағы бір аспект туындайды.
Басқа ұлт өкілдері тапқан қаржысын шетке шығармасына кім кепілдік береді?
Яғни, Қарағанды, басқа облыстардың бюджетінің қаржысына қазақ емес, армян, гүржі басқа да ұлттар, солардың бала-шағасы шетелде мәз болып жатыр деген сөз.
Неғылған жомарттық!
Тағы бір өзекті мәселе, ұлттық қауіпсіздік факторы.
Сол азаматтар наркотик, салықтан жалтару мәселесінің қайнар көзі болуы ықтимал.
Бұл анық.
Қарағанды жалғыз емес, осынау көрініс басқа да облыстарға тән екені даусыз!
Мәселе ұлттық деңгейге шығып кеткен.
Бұл мәселемен Ұлттық Қауіпсіздік органдарының айналысқаны дұрыс.
Елімізде қанша басқа ұлт өкілдері азаматтықсыз бизнеспен айналысып жүр?
Олар шетелге қанша қаржы аударды?
Оларға «қамқорлық» жасап жүрген шенеуіктер кімдер?
Ұлттық деңгейде, барлық деңгейде, аудан, облыс деңгейінде ұлттық, қазақи буржуазияны тәрбиелеп, үйретіп, дәстүр жасайтын уақыт жетті…