Home Жаңалықтар Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады

Алматы облысында оқушылар мінген автобус жол апатына ұшырады

44

Алматы облысы Жамбыл ауданында оқушыларды Тамғалы-тас шатқалына апара жатқан автобус жол апатына ұшырады. Бұл ақпаратты Алматы облыстық әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.

– Автобус жыраға түсіп кеткен. Жарақат алғандардың барлығы Жамбыл аудандық ауруханасына жеткізілді. Соңғы мәлімет бойынша, барлығы жеңіл жарақаттанған. Бірақ соған қарамастан медициналық тексерістен толық өткізіледі, – деді ол.

Ол автобуста қанша бала болғанын ашып айтпады. Кейбір жергілікті сайттар автобуста 47 оқушы болғанын, 8 оқушы және бір мұғалім жарақаттанғанын хабарлады.

Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағаны белгісіз. Кейбір жергілікті БАҚ оқушылардың Алматыдағы 134 лицейде оқитынын жазды.

Еуропа одағы статистика қызметінің дерегінше, Қазақстан жол апаты көп елдердің бестігіне енеді.

 

Алдыңғы жазбаӘр балаға – 11 мың теңге: Желіде тараған қауесетке қатысты министрлік түсінік берді
Келесі жазбаӨзбекстан Ирак пен Сириядан 235 азаматын қайтармақ