Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында халықпен кездесу барысында шетелдегі қандастарға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
«Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру — біздің қасиетті парызымыз», — деп келтіреді Мемлекет басшысының сөзін Ақорданың баспасөз қызметі.
































